Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белкөл кентіне жаңа әкім келді

19.08.2020, 14:20 1823

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, қала әкімінің өкімімен 2020 жылдың 19 тамызынан бастап Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы Белкөл кентінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Бүгін қалалық мәслихатта сайлау комиссиясының 2020 жылғы 13 шілдесіндегі қаулысына сәйкес, Белкөл кенті әкімінің сайлауы өткізілді. Сайлауға таңдаушылардың, яғни депутаттардың жалпы санының үштен екісінен астамы қатысып, ұсынылған екі үміткердің ішінен Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы басым дауысқа ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.

Осыған орай шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында осы кезге дейін кент әкімі қызметін абыроймен атқарып келген, мезгілсіз дүниеден өткен Мұсабаев Тастайбек Түрікбенұлының ел үшін атқарған еселі еңбегіне тоқталып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ жаңадан сайланған кент әкімін таныстырды.

Ардақ Әбдіғаппарұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «тау кен инженері», Болашақ университетінде «заңгер» сондай-ақ, «мемлекеттік және жергілікті басқару», Қызылорда гуманитарлық университетінде «қаржы» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер қызметінен бастап, «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың орынбасары, 2011 жылы «Азамат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс жөніндегі директордың орынбасары, 2019 жылы қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін абыроймен атқарып келді.

Қала әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта кент тұрғындарының, халық қалаулыларының, сенімдерін ақтап, осы аймақтың одан әрі өсіп өркендеуіне аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдіретінін жеткізді. Сонымен бірге кент бойынша алда атқарылатын жұмыстарды, әкімдік алдындағы міндеттерді нақтылап, елмен етене жұмыс істеуді тапсырды.

Пікірлер:

Карима үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: