Ақорда Ерболат Досаевтың қызметінен босатылғанын хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін түрлі лауазымда қызмет еткен ол өткен жылы мамырда Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.
Сондай-ақ, бүгін Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болды.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Ол 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. 2025 жылдың қазан айынан бастап Президент әкімшілігінде инвестициялар және сауда бөлімін басқарған.
Фото: Ақорда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!