ТЖМ қызметкерлері жағалау бойына төсеу үшін 50 келі 4 700 қап және 1 тоннадан 300 қап дайындаған.
ТЖМ әскери қызметшілері Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ЖАО-мен бірлесіп, елді мекендерді су басуды болдырмау мақсатында Құлсары қаласының маңында Жем өзенінің жағалау бойында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.
“Бүгінде әскери қызметшілер жағалау бойына төсеу үшін 50 келі 4 700 қап және 1 тоннадан 300 қап дайындап, өзен арнасын 5 000 м бойы нығайту жұмыстарын жүргізді. Елді мекендерге қауіп жоқ”,– делінген ТЖМ ақпаратында
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!