Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде аппарат мәжілісі өтті

05.09.2022, 9:15 496

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері мен барлық дербес бөлім басшылары, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы қатысып отырды.

Мәжіліс барысында маңызды 2 мәселе қаралды. 2022-2023 жылғы жылу маусымына дайындық барысы және коммуналдық қарыздарды өндіру мәселесі туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман баяндама жасады.

Жылу беру маусымын өткеруге аудан бойынша 147 нысан, оның ішінде білім саласы 62, мәдениет пен спорт 44, денсаулық саласынан 41 мекеме даярлануда. 147 нысанның 23-і сұйық отынмен, 98-і қатты отынмен, 26-ы газбен жылытылады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына 20 мың тонна қатты отын қажет болса, бүгінгі күнге 12 мың тонна көмір келді. Аудан бойынша қатты отын түсіретін темір жол тұйығы 4-еу, оның барлығында таразы орнатылған.Аудандағы көмір тасымалымен айналысушы кәсіпкермен көмір бағасын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – күзгі егін жинау науқанының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков баяндады. Аудан бойынша күріш егісінің ору жұмыстары 25 тамыз күні басталып, қазіргі таңда 10 750 гектар күріштің 865 гектары орылып, оның 395 гектары бастырылды. 1649 гектар күздік бидайдан 1814 тн өнім, 456 гектар жаздық бидайдан 410 тонна өнім жиналды. Жоңышқа шөбінің бірінші орымынан 24 990 тонна өнім жиналса, бүгінгі күнге екінші орымынан 19 600 тонна жиналды, екінші орым жалғасуда және жалпы 44 590 тонна өнім жиналған.

Көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары да қарқынды жүруде. 1769 гектар көкөністің 1592 гектарынан 30224,8 тонна өнім, 2408 гектар бақша дақылдарының 2 250 гектарынан 45 000 тонна өнім жиналды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында бүгінде күзгі дала жұмыстарына қатысатын 331 дана трактор, 116 дана комбайн, 63 дана жатка, 52 дана автомашина және 164 дана трактор тіркемесі 100 пайыз дайын.Шиелі ауданы бойынша күзгі егінге мемлекет тарапынан 1726,0 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, оператор «РК Мұнай» ЖШС арқылы литрі 210 теңгеден шаруашылық құрылымдарына берілуде. Бүгінгі күні шарушылық құрылымдарының QOLDAU kz-веб порталы арқылы берген сұраныстарына сәйкес 246 тонна дизель отыны таратылған.

Баяндамашыларға және тиісті сала басшыларына аталған мәселелерге қатысты аудан әкімінің және «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы мен аудандық мәслихат хатшысының тарапынан түрлі сауалдар қойылып, жан-жақты талқыланды.

Аудан басшысы орынбасарларына, аппарат басшысы мен кент және ауылдық округ әкімдеріне, барлық бөлім басшыларына қатаң тапсырмалар беріп, уақытылы және сапалы орындалуын талап етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: