Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлаушылар мен комиссия мүшелері сайлауға ұлттық киіммен келді

17.03.2025, 10:00 115

Жаңару айында өтіп жатқан сайлау науқандары наурыз нышандарымен айшықталуда.

Жаңақорған ауданы, Жайылма және Қыркеңсе ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау белсенді өтті. Сондай-ақ, Жалағаш ауданындағы Аққыр ауылы тұрғындары да әкім сайлауына жоғары деңгейде қатысты.

Маңызды күнде комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық киіммен қарсы алды. Өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген сайлаушылар да учаскелерге ұлттық киім киіп барып, Әз-Наурызға мерекелік әр берді. 

Аққыр ауылының аналар кеңесінің әжелері маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, Қостанбай би көшесінің тұрғындары топтасып келіп, өз таңдауларын жасады. Олар туған жердің дамуы жолында ауыл әкімі болуға үмітті азаматқа дұрыс таңдау жасады.

Дауыс беру күні сайлаушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында учаске алдында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

  
Жайылма ауылдық округінде 774 сайлаушы, Қыркеңсе ауылдық округінде 1050 сайлаушы, Аққыр ауылдық округінде 537 сайлаушы тіркелген.  
 

Айта кетейік, учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар өтініш беру арқылы тасымалданатын жәшік арқыл таңдау жасады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: