Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Саябақта қызу жұмыс жүруде

10.11.2025, 7:55 122

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов Президент саябағындағы абаттандыру және инфрақұрылымдық жұмыстардың барысын көрді. Аралауда мердігер мекеменің өкілі жобадағы жұмыстарды баяндады. Қазір мұнда қажетті шаралар өз деңгейінде жүзеге асырылуда.

Құрылыс алаңында болған облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов мердігерге жұмыстың қарқынын бәсеңдетпей, нысанды уақытында әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, ірі жобамен қатар Сырдария өзені үстінен Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: