Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты

02.12.2021, 12:04 279

HALYQLINE.KZ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қызылордалық мемлекеттік қызметшілер «Қайырымдылық марафонына» қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің облыс әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық шарасына сырбойылық мемлекеттік қызметшілер өз үлестерін қосып, 700 мың теңгеге жуық қаржы жинаған.

«Бұл «Қайырымдылық марафоны» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қайырымдылық, игі істер жасауға шақыру болып табылады. Қайырымдылық қорына жиналған қаражат тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде беріледі», – деді облыстық департамент басшысы Рафхат Бисенов.

4 жас ерекшелігі бойынша марафонға қатысқан 300-ге жуық мемлекеттік қызметшінің арасынан жарыстан озып келген жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 3300-ден астам мемлекеттік қызметші барын ескерсек, марафонға қатысу ерікті түрде болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: