HALYQLINE.KZ Қызылорданы 8 жыл басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын жарыса жазғанбыз. Тура бір апта бос тұрған орынға бүгін Ғанибек Қазантаев келіп отырды. Бұған дейін Ғанибек Қонысбекұлы 6 жыл қатарынан Сырдария ауданын басқарған еді. Сол уақытта республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газетіне берген сұхбатында сырттан кадр әкелмегенін айтқан-ды. «Бұл жолы қалай болар екен?» деген оймен ауданның экс-әкімінің сөзін тағы бір еске салып отырмыз.
Тілші: Өз командаңызға сенесіз бе? Кадрларыңызға көңіліңіз тола ма?
Ғанибек Қазантаев: Әрине. Көпшілік «біраз жыл қызметтес болғандар «ағайын» болып кетеді» деп ойлайды. Олай емес. Қай қызметте болсаң да, алдымен «тазалық» қажет. Қолдың, ардың тазалығы. Мен өзіммен бірге сырттан кадр әкелген емеспін. Орынбасарларымның барлығы – жергілікті жердің азаматтары. Кез келген мәселеде ақылдасып, ойласып, шешім қабылдаймыз. Әріптестеріме «дұрыс емес тұсын айтыңыздар» деп ұдайы айтып отырамын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!