Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан – Қытайдың негізгі сауда-экономикалық серіктесі

28.06.2024, 10:30 500

Қытай Халық Республикасы Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданында ІІІ-ші Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев хабарлады.

Бүгінгі күні Қазақстан Қытайдың Орта Азия мемлекеттері арасындағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі, оның ішінде ШҰАА-ның сыртқы тауар айналымындағы еліміздің үлесі 40%-ды құрайды.

2023 жылы Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы сауда айналымы 489,1 млн. АҚШ долларын құрады, ал ағымдағы жылдың 4 айында жалпы тауар айналымы 158,1 млн. АҚШ долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға өсті.

Сонымен қатар, облыс аумағында «China Gezhouba Group Company Limited», «China Glass»қытайлық компаниялардың қатысуымен жалпы құны 228,2 млн. АҚШ долларын құрайтын цемент және шыны зауыттары іске қосылып, нәтижелі әрі тұрақты жұмыс істеуде.

Айта кету қажет, шыны зауыты іске қосылғаннан бастап 20 млн. шаршы метрден астам шыны өндіріліп, 30%-ы ішкі және 70%-ы сыртқы нарықтарға жеткізілуде. Оған қоса, маусым айында шыны кластерін құру аясында зауыт жанынан қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны шығаратын жаңа желісі іске қосылды.

Іссапардың алғашқы күні ҚР Премьер-Министрі С. Жұманғарин бастаған делегация өкілдері «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесін аралап, ауыл шаруашылығы, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау және т. б.салаларындағы бірқатар ірі қытайлық «Xinjiang Tianye Water Conservation and Irrigation», «COFCO Sugar Holding», «DEBONT Agriculture Machinery», «Jinyimeng Group» және «China National Chemical Engineering Group» компаниялар басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

26 маусым күні «Қазақстан-Қытай» форумының ресми ашылуы аясында Қызылорда облысы әкімдігі, «Қызылорда Цемент», «Altyn Land» кәсіпорындары және қытайлық «Jiangsu Pengfei Group», «Xi’an Liyuan Furnace Automation Equipment» компаниялары арасында өңірде цемент және кірпіш зауыттарын салу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Жалпы құны 82 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған екі жоба бойынша облыста жылына 500 мың тонна цемент және 90 млн. дана құрылыс кірпіштерін өндіру көзделуде.

Одан бөлек, Арал ауданында түйе сүтінен ұнтақ өндіру жобасы бойынша «Qazaq Camel»серіктестігі «Xinjiang Huaken Dairy Group»компаниясымен бірге Қытай нарығына өз өнімдерін жеткізу туралы алдын ала келісімге қол қойды.

Аталған келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: