Былтыр еліміздің жалпы ішкі өнімі 306 млрд доллар болып, ТМД елдері арасындағы екінші орын, ал осы аймақтағы елдер арасындағы ең үлкен көрсеткішке жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты.
«Шетелден тартылған таза инвестиция көлемі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр, яғни 150 млрд доллардан астам қаражат тартылды. Бұл – Орталық Азиядағы тікелей шетел инвестициясының 69 пайызы деген сөз. Еліміздің алтын-валюта қоры – 74 млрд долларға, ал жалпы жинақталған қор 139 млрд долларға жетті», — деді Президент форумда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!