HALYQLINE.KZ
Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Комиссия (Жер реформасы жөніндегі комиссия) жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Басты міндеттің бірі — комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың ерекше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін», — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бұл шешімдер ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналатындығын баса айтты. «Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!