Әңгіме барысында Таяу Шығыстағы ахуал талқыланды. Мемлекет басшысы қазіргі күрделі кезеңде бауырлас Бахрейн халқына қолдау білдіріп, ынтымақтастық пен ниеттестігін жеткізді. Президент Бахрейн мен соғыс қимылдарына қатыспайтын өзге де елдердің азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған зымыран шабуылдарына алаңдаушылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шиеленісті ушықтырмай, жағдайды деэскалациялау қажет деп санайтынын атап өтті. Оның айтуынша, кез келген дауды тек диалог пен дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу – ең дұрыс әрі тиімді ұстаным.
Өз кезегінде Хамад бен Иса Әл Халифа Қазақстан Президентіне тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Қос тарап қазақ-бахрейн достығы мен серіктестігін нығайтуға бейілді екендерін растады. Әңгіме соңында екі елдің бауырлас халықтарына қасиетті Рамазан айында амандық, береке мен өсіп-өркендеу тіледі.
Фото: Ақорда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!