Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Меморандумға қол қойылды

01.04.2025, 7:40 144

Кеше облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтің төрағалығымен үшжақты Меморандумға қол қойылды.

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы маусым айында Қазақстан және Корея Республикалары Президенттерінің қатысуларымен өткен Қазақ-Корей бизнес-форумы аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев пен корейлік «With You E&C» компаниясы арасында «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын» салу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Нәтижесінде, биылғы жылы өңірде құны 9,5 млрд. теңгені құрайтын Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысы басталды. Зауытты іске асыру үшін Қызылорда қаласының полигоны жанынан 4 га жер берілді. Жоба іске қосылған соң 160 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Осы ретте, 31 наурыз күні «With You» АҚ-ның өкілдерінің іссапары ұйымдастырылып, кездесу өтті.

Кездесу барысында, жобаның II-кезеңі – «қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын өндіру зауытының» құрылысы бойынша үшжақты Меморандумға қол қойылды.

Зауыт қоқысты өртеу арқылы 20 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруді жоспарлауда. Жоба құны – 25 млрд. теңге. Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: