HALYQLINE.KZ Мемлекеттік жүйені дамытудағы басты бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру және нығайту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы күшіне енді.
Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі құзыреттілік пен конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық модельге көшті. Яғни, мемлекеттік қызметке бару төменгі лауазымдардан басталып, біртіндеп мансаптық жылжу арқылы жүзеге асырылады. Бұл заңдағы басты ерекшелік – мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделі мемлекеттік орган қызметкерлері арасында жоғарғы бос лауазымға тек ішкі конкурспен, ал төменгі лауазымдарға тек жалпы конкурс арқылы ғана тағайындалуды көздейді.
Мемлекеттік қызметке кіру үшін бірнеше іріктеу сатыларынан өту қажет. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурстен тұратын іріктеу кезеңдерінен өтеді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет – жауапты міндеттерді жүктейтін, абыройлы лауазым. Қорыта келгенде, жаңа заңға енгізілген өзгерістер барлық мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып отыр.
А.М.Сатанов,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!