Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

26.08.2025, 9:25 170

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады.

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады. 

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады. 

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: