Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіподақ – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі

04.10.2023, 19:10 357

Бүгінде Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 12 салалық кәсіподақта 1020 кәсіподақ ұйымы мен оған мүше ретінде 95 600 адам біріктірілген. Кәсіподақ ұйымының негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу болып табылады. Осыған сәйкес, биыл 52 ірі және орта кәсіпорындармен еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайын және өндірістік процестерді тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды. Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында кәсіподақ бірлестігінде атқарылған жұмыстар баяндалды.

– ҚР кәсіподақтар күні 10 қазан деп бекітілген болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысы жұмыскерлердің құқықтары, кәсіподақтармен қамтамасыз етілуі және қауіпсіз еңбек ортасын құруды басты міндет екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін биыл ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Қауіпсіз еңбек жылы» деп белгіледі. Облыс көлемінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы және Қызылорда облысындағы жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісім шеңберінде жүзеге асырылуда, алда 2024-2026 жылдарға арналған келісім жобасын қарастырамыз. Өзекті мәселелер әріптестермен облыстық үш жақты комиссияда қаралады, – деді Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Жыл бойы кәсіподақ қатарын нығайту мақсатында Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында мәдениет және спорт мекемелерінде ұжымдармен кездесу өткізіледі. Нәтижесінде кәсіподақпен қамтылмаған ауылдық клубтар кәсіподаққа тартылуда.

– Бүгінде облыстық кәсіподақ ұйымында 56 бастауыш ұйым, 4673 кәсіподақ мүшесі тіркелген. Олардың ішінде, мәдениет пен өнер саласы бойынша – 34 бастауыш ұйым бар. Және осы сала бойынша кәсіподақ мүшелігіне 90 пайыз қамтылған. Кәсіподақ қатарын нығайту мақсатында жаңадан ұйымдар құру жұмысы үнемі жүргізіледі. Биыл 1 бастауыш ұйым құрылды, – деді «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қызылорда облысы филиалы төрағасы Раушан Үмбетова.

– «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы 2018 жылдың 6 маусымында құрылды. Қазіргі таңда, құрамында 52 мекеме, 20 мыңнан аса мүшеден құралады. Қоғамдық бірлестік өз мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын қорғау мақсатында жұмыс істеп келеді, – деді «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Асылхан Аблайханұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: