Бизнесте маржаның (табыстың – авт.) маңызы да, мәні де зор. Қазақстандық кәсіпкерлер табысын түрлі банктегі депозитіне салу арқылы көлемін ұлғайтып, сенімді түрде сақтауға берген. Жалпы, биылғы 1 маусымда заңды тұлғалардың депозиттері 13,9 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,2%-ға артық. Бір қызығы, еліміздегі 21 екінші деңгейлі банк ішінде тек 10 банк жыл сайынғы динамика бойынша өсім көрсетті, ал заңды тұлғалардың депозиттері бар банктердің ондығындағы тек 7 ЕДБ ғана оң көрсеткіште.
Негізінен бизнесмендер негізгі табысты банкте депозитте сақтау арқылы қорғап келеді. Мұндайда банктегі қауіпсіздік пен сенімділік үлкен рөл ойнайды. Соның ішінде Bereke Bank қазақстандық банктер тобына қосылып, жылдық өсімнен көш бастап, нарықтағы орнын қалпына келтіріп жатыр. Оның табысы 717,4 млрд теңгеге артып, 823,6 млрд теңгеге жетті. Небәрі бір айдың ішінде банк бизнес депозиттері портфелін тағы 23,2 млрд теңгеге ұлғайтты.
Атап айтқанда, банк АҚШ доллары, еуро, юань, британ фунты және Швейцария франкы сияқты ең танымал валюталармен валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты онлайн қызметтердің толық спектрін, оның ішінде валюталық бақылау туралы келісімшартты қабылдау, жеке FX-платформасында валюталық аударымдар және конверсиялық операциялар және т.б. жасауды қалпына келтірді. Осыған орай, банк бизнес-клиенттерге арналған жазғы науқанды 3 айға тегін валюталық аударымдары бар B-Active Pro тарифтік жоспарын өткізуде.
Бизнес депозиттерінің жылдық өсімі бойынша екінші орындағы «ЦентрКредит банкі» табысы 487 млрд теңгеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Осы кезеңде банк өзінің депозиттік портфелін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар басқа қаржы институтын – ресейлік «Альфа-Банкті» де «жұтып қойды». «Альфа-Банк» алдымен Eco Center Bank болып өзгеріп, кейін БЦК-ға қосылды, бұл да барлық банк көрсеткіштерінің өсуіне әсер етті.
Үздік үштікті «Шинхан Банк Қазақстан» түйіндеді: табысы 366,8 млрд теңгеге өсіп, 426,8 млрд теңгеге жетті. Бұл – ranking.kz сараптамалық порталы ұсынған статистика.
Төменде еліміздегі екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғалардың соңғы 5 жылда мамыр айындағы депозиттегі қаржы көрсеткішін (трлн теңге) ұсындық. Статистика ҚР ҰБ мәліметтері негізінде жасалған.
Түсіндірме:
2019/05 – 7,9 трлн
2020/05 – 9,2 трлн
2021/05 – 11,9 трлн
2022/05 – 11,7 трлн
2023/05 – 13,9 трлн
Ердәулет СӘРСЕНҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!