Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отрысы өтті. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов қатысты.
Алқалы жиында фракция мүшелері міндеттерінің орындалуы қаралып, фракциясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиынды ашқан фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
«Өткен жылы өткен 7 фракция отырыстарында фракция мүшелерімен 14 мәселе қаралып, 51 шешім шығарыған. Онда партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері, сумен, электрмен, газбен жабдықтау нысандарындағы жағдай және жылыту маусымына дайындық барысы талқыланған. Аталған отырыстарда әкім орынбасары, облыстық басқарма басшылары партия мүшелерінің есептері тыңдалды. Фракция мүшелерінің қатысуымен өткен Партиялық бақылау комиссиясының отырысында 27 мәселе қаралып, 94 ұсыныс берілді. Сонымен қатар, фракция мүшелері партия жанындағы 7 кеңестін 29 отырысына қатысып, 70 мәселе қарады, 237 ұсыныс берді. Нәтижесінде бүгінгі күнге сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасындағы 116 іс-шараның 106 орындалды», – деді Жорабек Нұрымбетов.
Байқағанымыздай депутаттық фракция мүшелерінің тұрғындармен тұрақты кері байланыс жасау жұмыстары да дұрыс жолға қойылған. Осы бағытта фракцияч мүшелері партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өткен жылы 129 қоғамдық қабылдау өткізіп, 446 мәселені қараған. Оның ішінде 295 мәселе оң шешімін тапса, 151өтініш иесіне қолданыстағы заңнамалар аясында түсініктеме берілген. Мұнан бөлек, есепті кезенде түрлі мәселелер бойынша 165 депутаттық сауалдар жолданыпты.
Депутаттар өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын, түрлі мәселелерді, олардың шешілу барысын және басқа да партияның имидждік саясатын іске асыру және партия өткізіп отырған іс-шараларды жариялауда әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, 1723 жариялым шығарған.
Фракцияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына келсек, жоспар 4 бөліктен және 19 тармақтан тұрады. Онда фракция отырыстарында қаралатын мәселелер, фракция мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдаулары, партиялық мониторинг және бақылау жұмыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы қамтылған. Жалпы айтқанда фракция отырысын тоқсан сайын өткізу жоспарланып,оларда Жол картаның, сайлаушылардан түскен талап-тілектердің, «Ауыл аманаты» жобасының орындалуы, облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы мен фракция мүшелерінің депутаттық міндеттерін атқаруы туралы мәселелер қаралмақ.
Жиын соңында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов сөз алып, фракция және мәслихаттың өңірдің әлеуметтік экономикалық өркендеуі мен халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған ортақ жұмысына қатысты ұсыныс – пікірлерін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!