Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЕО мен АҚШ Украинаны қалпына келтіруге 800 млрд доллар тартпақ

24.01.2026, 17:00 60

Еуроодақ пен АҚШ соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру үшін 800 млрд доллар көлемінде мемлекеттік және жеке инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Politico басылымы иелігіне түскен құжатқа сілтеме жасап хабарлады.

Он жылға есептелген жоспар Еурокомиссия тарапынан ЕО елдеріне 24 қаңтардағы саммит қарсаңында ұсынылған. Инвестициялық бағдарлама 2040 жылға дейін жалғасып, алғашқы 100 күнге арналған жедел іс-қимыл жоспарын қамтиды.

Құжатта АҚШ донор емес, Украинаның стратегиялық экономикалық серіктесі және инвесторы ретінде қарастырылған. Негізгі мақсат – елдің сыртқы шұғыл көмекке тәуелділігін азайтып, ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылыққа жеткізу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: