Парламент депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы, Қарасай ауданындағы бір мектептің небәрі 15 млн теңгеге сатылып кеткенін анықтаған. Ол Алматы облысы әкіміне мекемені мемлекет меншігіне өткізуге екі ай уақыт берді.
– Қарасай ауданында мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберіпті. Бұл ақшаға даңғарадай ғимарат тұрмақ Алматыдан жатақхана ала алмайсың, – деп ашуланды депутат.
Видео:
https://www.youtube.com/shorts/9lCHGX_2zDE
Айтпақшы, алдыңғы шақырылымдағы парламент отырыстарында ұйықтап отыратын депутаттарды көз шалып қалатын. Енді олардың орнын ыржалақтаған депутат алмастырды. Мақсат Толықбай өте өзекті мәселені көтеріп, шыр-пыр болып жатса, әріптесі Нұргүл Тау ерсі қимыл көрсетіп, күлкі қысып отырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!