Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлады.
Желіде БҚО-дағы Қарауылтөбе ауылының маңынан дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі БҚО полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, Ақжайық ауданынан ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас бөлшектер табылған. Қазір осы оқиға бойынша тексеріс жүріп жатқаны хабарланды.
— Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады полиция.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Былтыр БҚО-да ұшқышсыз аппараттардың бөлшектері де, бүтін дрондар да жиі табылған. Алайда осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаларға қатысты тексеріс қорытындыларын жариялаған жоқ.
Фото: «Мой город»
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!