Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Барлық көрсеткіш бойынша болжамды жоспар орындалуы тиіс

17.12.2025, 16:15 44

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен 2025 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланған Үкімет отырысы өтті.

Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы онда көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

«Біз барлық көрсеткіш бойынша болжамды жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Өткен 11 айдың қорытындысымен облысымызда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты.
Қызылорда қаласы мен аудандарда экономикалық өсім бар. Инвестиция, оның ішінде жеке инвестициялар тарту жұмысы нәтижелі жүргізілді. Өнеркәсіп өндірісін дамытудың қосымша көздерін қарастырып, жыл қорытындысымен өсімді қамтамасыз етіңіздер.
Меншік түріне қарамастан (ірі, орта, шағын) бірде-бір кәсіпорын есептіліктен тыс қалмауы тиіс.
Экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі жолында нақты шаралар қабылдаңыздар. Кәсіпорындар ұсынатын есептіліктің уақытылы тапсырылуын, құжаттардың толымдылығын, статистикалық деректердің нақты есепке алынуын назарда ұстау керек», – деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, жауапты басшыларға жергілікті бюджеттің өз кірістері жоспарын толық орындау тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: