Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2025 жылға арналған бұқаралық спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 18-22 тамыз күндері Қызылорда қаласында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл» мерекелеріне орай ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына іріктеу жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс бағдарламасы аясында Арал аудан құрама командасы гір спорты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте жүлделі І орынды қанжығалады.
Аудан мерейін үстем етуде жарыс жолын жетістіктермен бастаған барлық спортшыларға алдағы сындарда жеңіске жетуін тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!