Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Аралда сенбіліктер жалғасуда.
Осыған орай, Арал қаласы мен кент және ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Арал қаласының кіре беріс аймақтары, автокөлік жолдарының жиектері қоқыс қалдықтарынан тазартылды.
Атап өтейік, «Жасыл аймақ» апталығы барысында 3500-ге жуық мемлекеттік мекемелер мен білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері және ерікті тұрғындар мен белсенді жастар атсалысты. Сондай-ақ, 1450 түп жергілікті жерге төзімді ағаш көшеттері отырғызылып, 163 тонна қоқыс қалдықтар тиісті орындарға шығарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!