Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әр балаға ұлттық қордан өз үлесі аударылды

31.01.2026, 19:20 22

Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр қатысушы балаға 130,71 доллар көлемінде қаражат аударылды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл бағдарламаға 2008–2025 жылдар аралығында туған 6 918 656 бала қатысқан. Ал 2026 жылы 356 613 бала кәмелет жасқа толып, оларға жиынтық түрде 44,5 млн доллар аудару көзделіп отыр. Бағдарлама ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатын іске асырып, жас ұрпаққа бастапқы тең мүмкіндік беруді мақсат етеді.

Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жиналған қаражат пен инвестициялық кірісті есепке алғанда, 2024–2026 жылдар аралығында әр балаға тиесілі жинақ 370,56 долларды құрайды. Бұл қаражат нақты әлеуметтік мақсаттарға бағытталуда. Атап айтқанда, 127 446 өтінім бойынша 19,7 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалса, тағы 78 060 өтінім аясында 11,9 млн доллар балалардың білім алуына байланысты шығындарды өтеуге бағытталған.

Бағдарлама тетігі толықтай цифрландырылған. Ата-аналар баласының бағдарламаға қатысуын және жинақталған қаражат көлемін kids.enpf.kz сайты, eGov.kz порталы, сондай-ақ Halyk, Kaspi.kz және BCC мобильді қосымшалары арқылы тексере алады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін қаражат БЖЗҚ-дағы жеке шотқа аударылып, оны электронды цифрлы қолтаңба арқылы тек алушының өзі ғана пайдалана алады. Тұрғын үй алу немесе оқу ақысын төлеу үшін уәкілетті операторлар арқылы өтінім беру жеткілікті, ал серіктес банктер қатарына «Отбасы банк» пен Halyk Bank-ке қоса «ЦентрКредит Банкі» де қосылған.

Сурет: Gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: