Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

29.10.2021, 10:50 468

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік сала қызметкерлері мен ардагерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаев және сала ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы әріптестерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және кәсіби мерекелерімен құттықтап, 30 жыл ішінде азаматтарды әлеуметтік қорғаудың алғышарттары жасалып, көпсалалық, бірнеше әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақты дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«24 сағат кезекшілікпен жұмыс атқарып, халыққа барынша қолдау көрсеткен, азаматтарды қабылдауды бір мезетке де тоқтатпаған – осы әлеуметтік сала. Алғашқылардың бірі болып мүгедектігі бар адамдардың, жеке көмекшілердің, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың вакцина алуы үшін жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, індеттің алдын алуға үлес қосуда. Бүгінгі күні әлеуметтік салада 2 мыңнан астам адам еңбек етуде. Демек, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысының нәтижесі қоғамда адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсерін тигізіп отыр.

Аймақ тұрғындарының жұмыспен, әлеуметтік көмектермен, мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемақылармен қамтылуы, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасының өз деңгейінде болуы – Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерінің бірі. Әрбір жасаған еңбек – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге бағытталған», – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында әлеуметтік сала ардагерлері әріптестерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді және еңбек жолдары туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кездесу соңында аймақ басшысы аға буын өкілдеріне сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Іс-шара жергілікті өнер қайраткерлерінің ән-шашуымен аяқталды.

Айта кетейік, 30 жыл ішінде өңірдің әлеуметтік саласында бірқатар жетістк бар. Атап айтқанда, аудандар мен Қызылорда қаласында жұмыспен қамту орталықтары ашылды. 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 10 мыңнан астым жаңа жұмыс орындары құрылды.

2013 жылдан бастап халықтың осал топтары қатарынан шыққан 1249 студент облыс әкімінің грантымен білім алды. Оның 654-і оқу орындарын аяқтап, түрлі салаларда қызмет атқаруда.

Бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 8143 адамға 124,1 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. 50 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілді.

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 35-тен 60 түрге ұлғайтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: