29 тамыз – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіқалықова дәріханаларға жоспардан тыс тексеріс жүргізді (Видео)

20.07.2020, 10:30 493 1

HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Г.Әбдіқалықова қаладағы дәріханаларды аралап, жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Аймақ басшысы Ғ.Мұратбаев 76 мекенжайындағы «Europharma», Шұғыла ықшам ауданы,19 мекенжайындағы «Доктор плюс», Яссауи 24Б мекенжайындағы «Farmcity» дәріханаларына арнайы барып, вирусты емдеуге қажетті препараттардың бар-жоғын нақтылады.

Дәрі іздеп келген қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Олардың айтуынша, осы күні көбіне дексаметазон, ингавирин сияқты дәрілер мен дәрумендер және дене қызуын өлшейтін құрылғар тапшылығы сезіледі. Осыған байланысты аймақ басшысы Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев пен дәріхана иелеріне тез арада дистрибьюторлармен байланысқа шығып, мәселені шешуді тапсырды.

Айта кету керек, қазіргі күні облыс әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен қажетті дәрі-дәрмек алу жөнінде келісім жасалды. Осы күні ірі дәріхана желілеріне дәрілер жеткізіле бастады.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінен

Пікірлер:

Пікір жазыңыз