Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен. Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба әлеуметтік желіге өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған. Полиция тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді анықтады.
- Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі «Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!