Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолшылар біліктілік арттырды

13.04.2022, 17:30 535

HALYQLINE.KZ Соңғы жылдары жол саласы заман ағымына қарай алға ілгерілеп, тың технологияларды өндіріске енгізіп келеді. Әсіресе, даму үдерісінде білімді де, білікті кадрлардың маңызы зор. Осы орайда, елімізде жол құрылысын жетілдіруге баса мән беріліп, жолшылар қайта даярлаудан өтіп жатыр. Жаңашылдықты игеруде «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері де қалыс қалып жатқан жоқ.

Жыл басынан бері филиал директоры Ерболат Көштаев бастаған бес маман Елорда төрінде «Kaidzen» өндірісін үздіксіз жетілдіру жүйесі бойынша оқу семинарына қатысты. Жол саласының алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік эксперттері дәріс оқып, білген-түйгенімен бөлісті. Жалпы, бұл семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен жолшылар жиылған. Сыр өңіріндегі филиалдың белді мамандары Ержан Усманов, Жолдасбек Серік, Мағжан Қасымхан, Орынкүл Мырзабаева, Ержан Джакешовтер біліктілік арттырып, заманауи әдіс-тәсілдерді жан-жақты игеріп, өзге әріптестерімен тәжірибе алмасып қайтты. Алдағы уақытта білімін жетілдірген мамандар аймақ жолдарының сапасын арттыруда өз септігін тигізу үшін аянбай еңбек етпек.

 «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»

Қызылорда облыстық филиалының

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: