Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жабылды!

23.02.2025, 23:38 31

Қызылорда облысында көлік қозғалысы шектелді. Өңірде ауа райының бұзылуына байланысты Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі учаскеде жол жабылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.

— 2025 жылғы 23 ақпан сағат 21:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Әйтеке би ауылы — Қызылорда қаласы) республикалық автожолында көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 24 ақпан сағат 03:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: