HALYQLINE.KZ Егер сіз некені тіркеу, туу, өлім, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты қызметтердің электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз, не істеу керектігін білесіз бе?
Бұл туралы #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз;
2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет;
3. Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз;
4. Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз;
5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз;
6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз;
7. Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз;
Сұрау салған қызмет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!