Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазасын өтеушілер психологиялық эссе жазды

08.09.2026, 16:40 29

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде АКАӘПТЖББ бастығы, әділет капитаны Батырбеков Азаттың және психолог-инспекторы, әділет майоры Мырзалы Айзаттың ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында психологиялық бағыттағы эссе жазу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталған азаматтарға «Өмірдің маңызы бар», «Менің ресурстарым», «Дағдарысты қалай еңсеруге болады?», «Көмек алу үшін кімге жүгінуге болады?», «Менің келесі қадамым» тақырыптары ұсынылды.

Эссе жазудың негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктері мен ішкі ресурстарын саралау, қиын жағдайлардан шығудың тиімді жолдарын түсіну, қажетті жағдайда көмек сұраудың маңыздылығын ұғындыру және алдағы өміріне нақты мақсат қоя білуіне ықпал ету.

Жазылған эсселердің мазмұны мекеме психологы тарапынан зерделеніп, әрбір шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеушімен жеке қабылдау жүргізілді. Жеке әңгімелесу барысында сотталғандардың ой-пікірі, эмоционалдық жағдайы, өмірлік ұстанымдары мен болашаққа деген көзқарастары назарға алынып, эсседе көтерілген мәселелерге психологиялық тұрғыдан баға берілді.

Сонымен қатар, әрбір азаматқа қиындықтарды еңсеру, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау және өмірлік мақсаттарын айқындау бағытында жеке түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай психологиялық жұмыстар сотталған азаматтардың өз-өзіне есеп беруіне, өмірдің құндылығын түсінуіне және болашаққа сеніммен қарауына ықпал етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: