«Өңірдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде 23 полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен» деп хабарлайды Хабар 24. Тұтас елдің басына туған сын сағатта бейбіт тұрғындарға қалқан болған сақшылардың басым бөлігі қазір қайта сапқа қосылып, қоғамдық тәртіпті орнатуға атсалысып жүр.
Солардың бірі – старшина Игілік Мешітбаев. Ол қаруластарымен бірге бүлікшілердің ортасында қалып қойған. Қарусыз сақшыларды бүлікшілер аяусыз соғып, тепкінің астына алған. Абырой болғанда, полицейлер сытылып шыққан. Бөлімше командирі қазір жеке құрамның қатарына оралды.
Игілік Мешітбаев, қалалық полиция басқармасының бөлімше командирі:
– Дәрігерлердің көмегімен басыма үш-төрт шоф салып, үйге қайтарылдым. Алайда үйде жата алмай, жұмысқа шығып, қазіргі кезде қызмет атқарудамын. Ант бергеннен кейін қорғау – міндетіміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!