HALYQLINE.KZ –| Кеше Қызылорда облысында жаңадан коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.
«Өңірде COVID-19 вирусы бойынша тіркелген — 116 науқас. Қазіргі таңда, науқастардың жағдай бірқалыпты, емін жалғастыруда. Сонымен қатар, індет шыққан ошақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», — деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Өз сөзінде бас дәрігер коронавирус инфекциясының жұқпалы ауру екендігін, оның ағымының толқын тәріздес болып қайтып қайталануына жол бермеу үшін сақ болуға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!