HALYQLINE.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатысты пікір білдірді.
Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сондай-ақ мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдады.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады«, – делінген комитеттің жауабында.
Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!