Фейсбук әлеуметтік желісінде ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21:48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған.
Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ, күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.
Сурет Талғат Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!