Құрметті қызылордалықтар!
Қадірлі ағайын!
Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Елбасының саяси тұрақтылықты сақтауда жүргізіп отырған салиқалы саясаты осы Наурыз мейрамының мазмұнымен ұштасады. Қазақтың қара шаңырағына уық болып бекіген әрбір ұлт пен ұлыстың ауызбірлігі ғана ел егемендігін нығайтуға қызмет етеді. Тәу еткен Тәуелсіздігімізді сақтауда бұл мейрамның өзіндік орны ерекше.
Наурыз – «Жаңа күн», «Жаңа жыл» деген ұғымды білдіретіні баршаға аян. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жолында өздеріңізбен бірлесе атқаратын шаруаларымыз жетерлік. Бірлікке жетелейтін Елдіктің мерекесі қала жұртшылығын жаңа бастама, тың ұсынысқа бастайды деген ниеттемін.
Қыстың көбесі сөгіліп, жер көктеп, тіршілік атаулысы түлей бастады. Диқан қауымы санаулы күндерден кейін егіс алқабына шығады. «Ақ мол болсын, егін бітік шықсын»,- деп әркез бата беретін қарияларымыздың тілегі оңғарылсын.
Қадірлі жерлестер!
Ата-бабаларымыз айтқандай Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болып, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелгей.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт пен байлық сыйласын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!