Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген.
«Есептік қарқындылығы нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», – делінген хабарламада.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!