Елдегі жол-көлік оқиғасы 10%-ға, ал салдарынан зардап шеккендердің саны бірден 13%-ға өскен, – деп хабарлайды Ranking.kz сайты.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 3,7 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,3%-ға артық. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5,4 мың адам зардап шеккен. Олардың 5 мыңы жараланса, 458 адам қаза тапты.
Апат саны ең көп болған үш өңірдің ішінде Алматы облысы мен қаласы және Жамбыл облысы бар. Ал Қызылорда облысында 107 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, 17 аймақтың 7 аймағында жол-көлік оқиғалары саны өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда едәуір артқан.
Көліктік қылмыстарды 1,3 мың адам жасаған. Олардың 526-сы автокөлік жүргізу құқығынсыз және мас күйінде болған. 80 адам алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жол ережесін бұзып, 375 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!