11.04.2021 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының 43 жастағы тұрғыны сағат 20:00 шамасында «Mercedes-Benz 200 Е» автокөлігін басқарып келе жатып, Шаған ауылындағы көшелердің бірінде жылдамдық режімін асырып, қарсы бағытқа шығып, жолдың сол жағымен қарама-қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан велосипедтегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Тексеру барысында жүргізушінің рөлде мас күйде болғаны анықталды.
Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сараланып, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Сырдария аудандық сотының 14 шілде 2022 жылғы үкімімен айыпталушыға 10 (он) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!