Алматы облысында өзін алып қашты деген мазмұнда жалған видео жариялаған қыз сот алдында жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы жазды, деп хабарлайды halyqline.kz сайты.
Сот отырысы барысында қыз бейнежазбаны TikTok әлеуметтік желісінде әдейі көп қаралым жинау мақсатында жариялағанын мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.
Сот шешімімен ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны ескеріліп, тағайындалған айыппұл көлемі 30 пайызға қысқартылып, 60 550 теңге болып белгіленді.
Айта кетейік, жалған ақпарат тарату қоғамда түсініспеушілік туғызып қана қоймай, құқықтық жауапкершілікке әкелетінін ескерген жөн.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!