Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған мемлекеттік белгімен көлік айдаған

04.03.2021, 17:00 437

HALYQLINE.KZ 4 наурыз күні сағат 09:29 шамасында Қызылорда облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері және Қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторларымен 30 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Хюндай» автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқару дерегі анықталды.

Тексеру барысында жүргізушіге жылдамдық асырып «Аркан» құрылғысына 55 мәрте түскені үшін 1 млн 73 мың теңге айыппұл салынғандығы анықталды.

Қазіргі таңда, құқық бұзушыға көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айып алаңына қойылды және кодекстің 684-бабына сәйкес, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолдануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент басшылығының қатаң бақылауында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: