Көрнекі сурет
HALYQLINE.KZ Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурызындағы №266 бұйрығымен бекітілген азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты — азаматтарда заңсызсақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
2019 жылы азаматтардан барлығы 168 өтініш түсіп, 271 дана қару (Қала — 53, Арал — 24, Қазалы — 33, Қармақшы — 23, Жалағаш — 31, Сырдария — 27, Шиелі — 49, Жаңақорған — 31) қабылданып, республикалық бюджеттен бөлінген 13 млн бір жүз мың теңге қаражат толығымен игерілген.
Биылғы акцияға Республикалық бюджеттен 8 млн 150 000 теңге қарастырылған.
Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!