Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰҚК прокурорды ұстады

18.02.2026, 15:20 43

HALYQLINE.KZ

Ақтөбе облысында полковник шеніндегі прокуратура қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметке сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.

Ұстау 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері және Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Аймақтық прокуратура басқа мәліметтерді жарияламады.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: