Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде және тамыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 құқық бұзушылық фактісін анықтады.
Анықталған қылмыстардың басым бөлігі парақорлық, жымқыру, алаяқтық, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану фактілеріне байланысты.
Тергеу барысында 140 адам күдікке ілінді. Екі ай ішінде 126 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 110-ы сотқа жолданған.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!