HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында кешкілік уақытта көшелердің бірінде автокөлік иесін ұрып соғып, оның «Opel Vektra» маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 миллион теңгені құрады.
Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсібилігі мен іс-әрекеттерінің арқасында кезекші тәулікте күдіктілер ұсталды.
Күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған.
«Қазіргі таңда, ҚР ҚК 200-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен және 202- бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Екі күдікті қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!