Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түзеу мекемесінде сотталушы сүйіктісімен некелесті

27.07.2023, 17:40 110

Қызылордада қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан азамат облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде сүйіктісімен заңды түрде некелесті.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен сотталған. Жас жұбайларға неке куәлігін Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің іс жүргізушісі табыстады.

«Осында отырғанымда сүйіктім келіп, жағдайымды біліп тұруды үзген емес. Мұндай орында неке қиюға болатынын білгенде қатты қуандым. Екеуміз ақылдасып, бір-бірімізге өмірлік серік болуға келістік. Алдағы уақытта бақытты болатынымызға сенімдімін. Темір торда әлі бірнеше жыл отырамын. Бірақ мені қиын шақта қолдап, жанымда болатын адамның бар екені қанат бітіреді», – деді жазасын өтеуші.
Бұл – жыл басынан бері осы мекемеде некелескен он екінші жұп.

Назерке Саниязова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: