Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесінде терминал орнатылды

30.12.2020, 11:30 579

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электронды форматқа көшіруді міндеттеген болатын. Осыған сәйкес, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының сегізінші тармағында «Мемлекеттік органдардың ішкі жұмысын цифрландыру» жайында нақты іс-шараларды жүзеге асыру бағдарламасы айтылған. Яғни, бұл бағдарлама, мемлекеттік органдарды қағаз бастылықтан ажыратып, бюрократиядан, және еңбастысы жемқорлықтан жоюды көздейді. Соның ішінде қылмыстық сот істерін электрондық форматқа көшіру бойынша, «Электрондық қылмыстық іс» жобасы құқық саласына да енгізіле бастады.

Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында жыл соңында жақсы жаңалық болды. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің тарапынан мекемеге ерекше электронды терминал берілді. Бұл терминал мекеменің арнайы ғимаратында арнайы бөлмеге орнатылды. Терминал арқылы сотталушы немесе айыпталушы азаматтар өзінің жеке ісі бойынша сотқа, прокуратура органдарына шағымдарын жолдай алады. Ол үшін алдымен, сотталған өтініш хатын берген терминалдан сандық түбіртегін алады. Бұл түбіртек оның өтінішін қарау кезегі болып саналады.

Осылайша, ЗК-169/1 тергеу изоляторының қамауында отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтардың құқықтық қызметтерді алуы автоматтандырылған, оңтайландырылған электронды жүйеге көшуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: