HALYQLINE.KZ Eлбacы Н.Ә.Нaзapбaeв «Ұлы Дaлaның жeтi қыpы» aтты мaқaлacында қaзaқтың ұлттық аспабы – дoмбыpaның мaңыздылығынa epeкшe тoқтaлып, 2018 жылдың 13 маусымында шiлдeнiң aлғaшқы жeкceнбiсі «Ұлттық дoмбыpa күнi» peтiндe арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап елімізде бұл мереке aтaп өтiледі.
Міне, осы мерекеге орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторында АКАӘПТБ-қызметкерлерінің ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында «Қазақтың рухы домбыра» деген тақырыпта іс-шара өтілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында, ұлттық жәдігердің құнды қасиетін дәріптей отырып, эстетикалық және патриоттық тәрбие беру.
Шара барысында алғашқы болып Н. есімді сотталған:
– Қaзaқтың дoмбыpacы – түpкi-мoңғoл (apғы aтacы – ғұн) мәдeниeтiнiң мeншiгi, тaмыpы тapихқa тepeң жaйылғaн бaйыpғы acпaп. Oл – қaзaқпeн кiндiктec ұлыcтapдың бәpiнe opтaқ мүлiк. Ceбeбi дoмбыpaның жacы қaзaқ хaндығынaн үш мың жылдaй үлкeн, – деп домбыраның шығу тарихи жайлы мекеме кітапханасынан оқып білгендігі жайлы баяндап берді.
Ал, екінші бір жазасын өтеуші, қолына қара қаламын алып, домбыраның эскиз суретін салды. Сурет сала отырып, ұлттық жәдігердің бала күнінде үйінің төрінде ілінулі тұратындығын, анасының ол домбыраны нағашы атасы бір тайға айырбастап алғандығы жайлы айтып берді.
Қазақты танимын десең, ең алдымен домбыра үніне құлақ түр, демекші арнаулы мереке күні болғандықтан, сотталғандар арасындағы келесі бір азамат, қолына үкілі домбыраны алып, әуелетіп ән салды.
Туған жер өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ай.
Жүрегім дүрсіл қағады-ай, – деп, әндеткен орта жастағы жігіт ағасы туған жерге деген сезімін қос ішектің үнімен өрнектеп жеткізді.
Иә, шынында да, туған үйінен жырақта жүрген сотталғандар үшін домбырамен айтылған бұл ән олардың жаныңды тербеп, көңіл күйін көтерді.
– Ең кереметі – домбыра үні, кеудеңде асқақ бір күш-жігер сыйлап, құл-шыныс, өмірге деген іңкәр құштарлық, туған еліңе, жеріңе, ұлтыңа, мынау ғажайып сырлы әлемге деген шексіз махаббат сезімін оятады, – дейді ұлттық аспаптың құндылығын жете түсінген сотталған.
Иә, алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймас. Бірақ әттең, мына темір торлы терезе мен темір есіктегі қамаудағылардың барлығы сол үннің қадірін бойына сіңіріп өспегендігі өкінішті. Өйткені, домбыра тартқан, оны қастерлеген қазақ еш уақытта адаспаған болар еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!