Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторында қызметке түсер алды даярлығы қалай жүргізіледі?

05.10.2021, 11:10 363

HALYQLINE.KZ  ЗК-69/1 мемлекеттік мекемесінде, күнделікті жаңа аусым кезекке келгенде, қызметке түсер алды нұсқаулық сабағы жүргізіледі. Бұл нұсқаулық сабақты мекеме бастығының кезекші көмекшілерінің орынбасарлары мен мекеменің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов өткізеді.

Аты аталған тұлғалар, кезекшілікке түсетіндерге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғаларға күзет және қадағалауды жүзеге асыру Қағидасына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңына сүйене отырып, және тергеу изоляторының бастығынан алған тапсырмалар негізінде, нұсқаулама өткізіп, жедел ақпараттарды жеткізеді.

Нұсқауламаны өткізудегі басты мақсат – оларды жауапкершілікті сезіну мен күзет орнында қырағы болуға тәрбиелеу.

Кезекші және оның орынбасары ауысым қызметкерлері кезекшілікке түсерден 30 минут бұрын нұсқаулық сабағына келеді. Сабақ барысында, қызметкерлердің міндеттері сұралып, дайындықтары тексеріледі. Олар күзет жөніндегі бұйрықпен танысады.

Қажет жағдайда осының алдындағы кезекшілікті өткеру кезіндегі кемшіліктерге қысқаша талдау жасалады.

Сондай-ақ, олардың айыпталушы немесе тергеудегі сезіктілер мен күдікті және сотталғандармен заңсыз байланысқа түспеуі ескертіледі.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп, даңқты батырымыз, Б.Момышұлы айтқандай, қатаң тәртіпке бағынған тергеу изоляторы қызметкерлерімен күнделікті атқарылатын бұл нұсқаулық сабақтары, олардың қызметке деген жауапкершіліктерін арттырып отырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: